Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ 1, 36 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН 4 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА

75қаралым
🔷 Инвестиция жалпы, елдің экономикалық өсу қарқынын анықтай отырып, әлеуметтік-экономикалық салаларға, түптеп келгенде халықтың әл-ауқатының артып, тұрмысының көтерілуіне оң әсер етеді. Инвестицияның артуымен Шымкентте құрылыс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ индустриясы, туризм және басқа да салалар қарқынды дамып келеді.
🔷 Еліміз көршілес мемлекеттермен тығыз ынты¬мақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізіп келеді. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекеті¬мен арадағы байланыстың маңыз¬ды ¬екені анық көрінеді. Өйт¬кені, әле쬬䬳к экономикадағы жетеꬬші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынас¬ ерекше мәнге ие.
🔷 Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Шымкент еліміздің кәсіпкерлік және индустриалды орталығына айналып үлгерді. Қаламыз отандық, шетелдік бизнес өкілдерінің қызығушылығын арттыруда. Шымкент аумағында Қытай инвесторларының қатысуымен 1,36 млрд. АҚШ долларын құрайтын 4 жоба жүзеге асырырылуда. Олардың ішінде ауқымдысы — Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы. Бұл жобаның құны 1,3 млрд.АҚШ долларын құрайды. 2018 жылы пайдалануға берілген зауытта 380 адам адам жұмыс істейді.
🔷 Ал бекіткіш бұйымдар өндірісімен айналысатын «Шымкент крепеж» жобасының құны 3 млн.АҚШ долларды құрайды. 2018 жылы іске қосылған зауытта қазір 40 адам жұмыс істейді.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: