Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ШЫМКЕНТТЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ӘУЕ ТАСЫМАЛЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР ЖАНДАНАДЫ

58қаралым

Шымкент қаласының әкімдігі және FlyArystan әуе компаниясы ұйымдастырған баспасөз жиынында Шымкенттен ішкі және халықаралық, маусымдық тұрақты рейстердің жанданатыны туралы айтылды.
Кездесуде еліміздегі жетекші лоукостер – FlyArystan әуекомпаниясы Шымкенттен ұшатын жолаушылар үшін әуе тасымалының қолжетімділігін арттыруға бағытталған шарттармен таныстырып өтті.
Шымкент әуежайы бюджеттік әуекомпанияның бес хабының бірі болып табылады.

Сондықтан әуекомпания басқа қалалармен авиациялық байланыстың сапасын арттыру мақсатында еліміздің ең шуақты қаласынан көбірек рейстерді ашуды жалғастыруда.

Жазғы кезеңге Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттар қалпына келтіріледі. Сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстер қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта билеттерді ерте брондау арқылы, екі халықаралық бағытқа – Кутаиси мен Делиге, біржақты билет құны 55 және 70 АҚШ долларынан бастап алуға болады. Тікелей халықаралық рейстерден басқа, Астана арқылы да басқа шетелдік қалаларға жетуге болады. Мәселен, Бакуға аптасына 2 рет, Анкараға аптасына 2 рет.
Сонымен қатар шымкенттіктер Ақтау арқылы Баку, Ереван және Ыстамбұлға сапарларын жоспарлай алады. Бұл рейстер Ақтау арқылы аптасына 1-2 рет орындалады.

Please follow and like us: