Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК МЕКЕНЖАЙЫН НАҚТЫЛАУ ҮШІН ХҚО-ҒА БАРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

64қаралым
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 6-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың шешімімен жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, өзгерістерді тіркеу құқық иесіне жүктелмейтінін еске салады.
Мұндай өзгерістерге, атап айтқанда, елдімекендердің атаулары, көше атаулары, сондай-ақ ғимараттардың және басқа құрылыс нысандарының (мекенжайлардың) реттік нөмірінің өзгеруі немесе ҚР әкімшілік-аумақтық құрылым реформасына байланысты кадастрлық нөмірлердің ауысуы жатады.
Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістер мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.
Енді жылжымайтын мүліктің мекенжайы өзгерген жағдайда, тіркелген құқықтар мен жылжымайтын мүлік нысанының техникалық сипаттамалары туралы анықтамада мекенжайдың тарихи деректері қоса көрсетіледі (жаңа мекенжаймен бірге ескі мекенжай атауы да жазылады). Мысалы, Шымкент қ., Х. Дулати к-сі, 3 (бұдан бұрын ОҚО, Шымкент қ., Карл Маркс к-сі, 3).
Сонымен қатар, құқық белгілеуші құжаттарда алдыңғы мәліметтер сақталады, бұл ретте жылжымайтын мүлік нысандарының мекенжайын нақтылау қажет емес.
Please follow and like us: