76
Шымкент қаласының барлық аудан аумағында көп қабатты тұрғын үйлерде жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұлов аудан аумағындағы үйлердің қысқы маусымға дайындығын тексеріп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұл орайда көпқабатты үй тұрғындары жылу жүйелерін (үй ішілік құбырлар, батареялар, жертөледегі құбырлар, пәтер ішілік тік құбырлар) арнайы мамандарға тексертіп, қазірден бастап жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Сондай-ақ, аудан әкімдігі сығымдау жұмыстарын сервистік мекемелер арқылы жүргізуге болатындығын хабарлайды.
Please follow and like us: