58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір де бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деп атап өтті. Осыған орай Жолдау аясында атқарылған жұмыстар төңірегінде Шымкент қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен тікелей эфирде сұхбат өтті.
– Басқарма тарапынан осы жылдың 10 айында 956 азаматтың арыз-шағымы қаралды. Сондай-ақ 160 тексеру жүргізіліп, 189 заң бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, аталған заң бұзушылықтардың 156-сы жойылды. Одан бөлек, кәсіпорындардың жұмысшылар алдындағы жалақы қарызын қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Яғни, мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен 37 кәсіпорында 337 жұмысшының 33,6 млн теңге көлеміндегі жалақы қарызы өтелді, – деді Бауыржан Ахметәліұлы.
Спикердің сөзінше, Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес бүгінде қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек шарттарының электронды нысанда жасалуы тұрақты бақылауға алынып, күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша 2 210 кәсіпорын 75 676 еңбек шартын арнайы жүйеге енгізген.
Please follow and like us: