Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ 10 МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗ ҚАЙТАРЫЛҒАН

98қаралым
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы еңбек қатынастарының жағдайы бойынша өткен баспасөз брифингінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов баяндады.
– Қалада еңбек мәселесіне қатысты үш жақты комиссияның жұмысы әкімшілік-әлеуметтік әріптестер тарапынан үлкен белсенділікке ие болып, жаңа деңгейде жүргізілуде. Нақтырақ айтсақ, бұл – ұжымдық шарт, яғни, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісім. Нормативтік-құқықтық құжат көмегімен жұмысшы да, жұмыс беруші де өз құқығын қорғай алады. Өкінішке қарай, біздегі жеке кәсіпорындардың ұжымдық шартты жұмысшылармен бекіту деңгейі өте төмен, – деді Берік Айдарбекұлы.
Кәсіподақ төрағасының айтуынша, осы жылы 8 кәсіпорын жалақыдан 74 жұмысшыға 14 млн 104 мың теңге қарыз болған. Бұл қарыз бойынша үш жақты комиссияның көмегімен 37 жұмысшының алдындағы 10 млн 764 мың теңге өндірілген.
Please follow and like us: