86
Биыл Шымкент жастарына сатып алу құқығынсыз жалдамалы 300 пәтер беріледі деп жоспарлануда. Оның ішінде 1 бөлмелі пәтер саны — 195, 2 бөлмелі пәтер — 105.
Бұл бағдарлама аясында жастарға арналған жалдамалы тұрғын-жайларға үстіміздегі жылдың 25-27 қаңтар күні аралғында құжаттар қабылданады.
Өтінімдер:
— Жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған;
— Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;
— Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйге соңғы 2 жылда меншік құқығы тіркелмеген;
— Ай сайынғы табысы 40 АЕК (116 680 теңге) кем емес жастардан қабылданады.
Тұрғынжайлар сатып алу құқығынсыз 5(БЕС) жыл мерзімге жалға беріледі.
Қабылдауды бастау: 2021 жылғы 25 қаңтар 00:00 сағ.
Қабылдауды аяқтау: 2021 жылғы 27 қаңтар 00:00 сағ.
Құжаттарды қабылдау shymkent-baspana.kz порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) білімі туралы құжат;
4) неке қию туралы куәлік (бар болса);
5) балалардың туу туралы куәлігі(бар болса);
6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) жұмыс орнынан анықтама;
8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
9)еңбек кітапшасы мен зейнетақы қорының анықтамасы (соңғы 6ай);
10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
Айта кетейік, Шымкент қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәлімдеуінше, жастарға үлестірілетін 300 үй 15 наурызға дейін «Жаңа Тұрлан», «Тұран» және «Асар 2» шағынаудандарынан беріледі.
Please follow and like us: