Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА 536 КОМАНДА ҚАТЫСАДЫ

102қаралым
Шымкент қаласында мектеп оқушыларын салауатты өмірге баулып, ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» өтеді.
«Шымкент жастар лигасы» Шымкент тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен қолға алынды.
Жалпы жүлде қоры 80 млн теңге. Спорттың 4 түрінен футбол, баскетбол, волейбол және шахматтан жеңімпаз болған командаға 20 млн теңге қаржылай сыйлық беріледі.
Бұл қаржы мектептің қажеттіліктеріне, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады.
Төрт спорт түрінен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клубы» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинация бойынша диплом мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Оларды қолдау бойынша фан-клубтар құрылып, әр команданың атауы, ұраны, эмблемасы және команданың бірыңғай киім үлгісі жасақталды.
Жобаға қатысу үшін 4 спорт түрінен 140 мектеп өтініш берген.
Атап айтқанда, Абай ауданы -146, Әл-Фараби ауданы — 105, Еңбекші ауданы 136, Қаратау ауданы -149 команда қатысуға ниет танытқан.
Ойын барысында фан-клуб мүшелері өз командаларына жанкүйерлік қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
Please follow and like us: