Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТ ЖАҢҒЫРҒАН МЕРЕКЕДЕ ЖАҢА ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

215қаралым

Республика күніне орай Шымкент тағы бір нысанмен толықты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов су жаңа гүлзардың ашылу рәсіміне қатысып, ел игілігіне берді.

Нысан Қазыбек би-Есенберлин көшелерінің қиылысында, Ш.Қалдаяқов атындағы филармония мен А.Пушкин атындағы кітапханаға жақын маңда орналасқан.

Гүлзарда орындықтар, қоқыс жәшіктері, арнайы ағаштан жасалған “pergola” (шатыр), селфи аймағы, әткеншектер, мен стилді жарықшамдар орнатылған. Тақтатастары фортепиано пернелері іспеттес төселген.

Нысанның ресми ашылуында шаһар басшысы барша жұртқа жүрекжарды лебізін жеткізе отырып, “Қазақстан — қуатты мемлекет. Бұл күнге оңай жетпегеніміз тарихтан белгілі. Барымызды бағалап, туған жердің қадіріне жете білейік. Туымыз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!”-деді.

Айтып өтейік, жаңа гүлзар орнында бұрын “адвокаттар алқасының” ғимараты бар еді. Өртеніп кеткен соң барлығы сүрілген. Енді бұл жер тұрғындар тынығатын аймаққа айналды.

Бұдан соң қала әкімі жаңадан ашылған А.Пушкин кітапханасына барып, ішін аралап көрді. Қызметкерлерді Ұлттық мейраммен қатар келген кәсіби мереке — кітапханашылар күнімен құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі.

Please follow and like us: