49
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін «Шымкент Сити» шағын ауданында болып, құрылысы қарқынды жүріп жатқан саябақ жұмыстарын аралап көрді. Қазір саябақтың құрылыс жұмыстары 20%-ға дейін жүргізілген. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жалпы жаңа қалашықтың аумағы 20,4 гектар жерді алып жатыр. Бүгінде шағын ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары толық жүргізілуде.
Саябақ құрылысына келсек, нысанда көгалдандыру алаңы 164 000 шаршы метрді құрайды. Мұнда 53 балалар ойын алаңшасы, 19 спорттық алаң орналасатын болады.
Сондай-ақ, 2,8 шақырымдық веложол, жасанды көл салынып, 5 мыңнан аса ағаш көшеті, 7 мыңнан аса гүл, 6 мың бұта егу жоспарланған. Қала келбеті тағы бір саябақпен арта түседі, әрі қаланы жасыл желекке бөлеу арқылы шаһар тынысы ашылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: