Яндекс.Метрика
Қоғам

ШЫМКЕНТ: ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҮЛЕСІ АРТАДЫ

89қаралым
Шымкент қаласы карантиндік шектеулер мен жалпы экономикалық өзгеріс жағдайына қарамастан өткен жылы шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамикалық көрсеткішке қол жеткізді.
Қаламыздағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылы 69 781 бірлікті құрап, өткен жылы 101,6% өсімді көрсетті. Ал бұл жылы субъектілер санын 77 мыңға жеткізу көзделіп отыр.
Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылы — 160 916 адамды құраса, бұл жылы көрсеткішті 170 мың адамға жеткізу жоспарлануда.
Ал өндірілген өнім көлемі, оның ішінде тауарлар мен қызмет көрсетулер — 402,8 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1 млрд теңгеге артқан. Биыл бұл көрсеткіштегі өнім көлемін 1 080 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, статистикалық мәліметке сәйкес 2020 жылдың 6 айы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 28,4% құрап, жоспарлы көрсеткіштен 12%-ға артқан. Сандар көрсеткішін бірінші жарты жылдықта 30%-ға жеткізу көзделуде.
Please follow and like us: