Яндекс.Метрика
Қоғам

ШЫМКЕНТ: ШАҒЫН АУДАНДАРДАҒЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

70қаралым
Шымкент қаласында қатты дауылды қардың әсерінен 18 елдімекенде электр қуаты сөнді. Магистралдық желілердің айқасуы, ағаштардың желі үстіне құлауы, трансформатордың ішіне су өтуі, желі үзілуі секілді жағдайлар орын алды.
Коммуналдық мекеме қызметкерлері желілерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда Нұрсат, кіші Самал, Тельман, Азат (жартылай), Ворошиловка аумақтарында жарық желісі қайта іске қосылды.
Қалған аймақтарда, атап айтқанда Азат, Самал-1, Самал-2, Солтүстік Батыс, Көкбұлақ, Асар, Самал-3, Игілік, Қайтпас-1, Ақжайық, Достық, Жаңаталап, Ынтымақ, Забадам шағын аудандарында жұмыстар әлі де жалғасуда.
Электр желілеріне қатысты «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-ның диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады:
Шымкент қалалық ЭС 35-39-85
Абай ауданы 35-74-48
Әл-Фараби ауданы 53-53-65
Еңбекші ауданы 57-56-38
Шалғай аудандар 28-52-66
Please follow and like us: