Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: РЫСҚҰЛОВ – ҚОНАЕВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 15 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

52қаралым

Шымкентте алғаш рет қаланың орталығында жолайрық құрылысы басталады. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде осылай деді.

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала көшелерінде көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарының алдын-алу мақсатында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бекітілген. Осы жоспарда бірнеше көшені қайта құру, жолайрықтар, жаңадан көшелер салу, бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыру іс-шаралары қамтылған болатын.

Солардың бірі – Рысқұлов — Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстары басталады. Аталған Рысқұлов пен Қонаев көшелері – қаламыздағы көлік қарқындылығы жоғары магистральды көшелердің бірі.
Бүгінде мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстарын биыл 15 қазаннан бастау жоспарлануда.

Бас мердігер – «Bazis Construction» ЖШС
Авторлық қадағалаушы – «Саулет-SKB» ЖШС
Техникалық қадағалаушы – «Акмол Тех Надзор» ЖШС

 

Please follow and like us: