65
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы Арғынбеков және Өтегенов көшелерінің бойында белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейдтік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Занкоев және аудандық жергілікті полиция қызметкерлері қатысып, 3 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екенін ескертілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Please follow and like us: