112
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры шымқалалықтарға жаңа премьерасын ұсынды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан театр ұжымының шығармашылығына табыс тілеп, көрерменмен бірге жаңа қойылымды тамашалады.
Қуыршақ театры бір мезетте келушілерге 8 қойылым көрсетті. Көрерменнің бір бөлігі Шахерезаданың әңгімелерін тыңдап, сахна арқылы ертегілер еліне саяхат жасады. Жастар жағы болса Ромео мен Джульеттаға қызығушылық танытты.
Ал ересектер «Қазақ ауылын» тамашалады . Ересектерге арналған спектакльдің режиссері Антон Зайцев, Хореограф-режиссер Гүлжан Дәулетқұлова, сценарий авторы Елена Локшина. Жаңа премьералар апта бойы көрермен назарына ұсынылады.
(с) Құттыбике Нұрғабыл
Фото: Серик Косаев
Please follow and like us: