128
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2020 жылдың 15 қазанында «Шымкент қаласында Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы көлік айырығын салу» нысанында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Көліктер қозғалысы бекітілген жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына сәйкес, яғни Д.Қонаев даңғылының шығысы «Роял» фитнес клубы тұсынан Т.Рысқұлов көшесі аралығы жабылып, көлік қозғалысы Д.Қонаев даңғылының батысындағы 4 жолақтың 2 бағытты қарама-қарсы қозғалыс ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, М.Х.Дулати (төмен қарай бағыт) және Қазыбек би (жоғары қарай бағыт) көшелерінде (Т.Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан даңғылының аралығы) бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылады.
Please follow and like us: