Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖАҢА САЯБАҚПЕН ТОЛЫҒАДЫ

68қаралым

Шымкент қаласының 11- ші шағын ауданына қарасты жаңа саябақ құрылысы аяқталуға жақын.

Қала әкімі нысанның жұмыс сапасын бақылап, тексеріп шықты.

1,600 га аумақты қамтитын саябақта амфитеатр, құрғақ субұрқақ, сыйымдылығы 140 м3 болатын жер асты су сорғысы орнатылды.

Сонымен қоса ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы, велосипед қойылатын жер, биодәретхана, көше тренажерларының спорт және трансформаторлық қосалқы станциясы, арқан паркі қарастырылған.

Құрылыс ауданы – 87,00 шаршы метр, қатты жабын ауданы – 2302,00 шаршы метр, көгалдандыру ауданы – 7488,00 шаршы метр.

Аталған нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталып, осы кезде жұмыстың 93% аяқталды.

Жоспар бойынша саябақ қараша айының соңына ел игілігіне берілмек.

Please follow and like us: