72
Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жетпіс екінші сессиясы өтті. Жиында жалпы 28 мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Сессияда ауыл шаруашылығы және ветеринария, құрылыс, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының есебі тыңдалды. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мулкеманов қаланың 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысын баяндады.
Кезекті жетпіс екінші сессияда Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың схемасы бекітілді. Аталған жоба бұған дейін тұрақты комиссияларда талқыланған еді.
Сонымен бірге, жиында республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласының шағынаудандары мен көшелеріне атау беру бойынша ұсыныстарды енгізу мәселесі де бірауыздан мақұлданды. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х. Есенованың айтуынша, жалпы қаланың 381 құрамдас бөліктеріне атау беру, 24 шағынаудан, атауы қайталанатын 52 көше және атауы жоқ 305 көшеге атау беруге ұсыныс беріліп отыр.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов соңғы бес жылда қаланың дамуында тарихи шешімдер, көптеген маңызды бағдарламалар қабылданғанын айта келе, депутаттарға өз алғысын білдірді.
– Өздеріңізбен бірлесіп қаланың дамуына оң ықпал ететін, қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру мақсатында көптеген шешімдер, бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Барлықтарыңызға өз алғысымды жеткізгім келеді. Бүгін 2021-2023 жылға арналған бюджет бекітілді. Маңызды мәселенің бірі – Жолаушылар көлігін дамытудың схемасы нақтыланды. 2021 жылдың 10 қаңтарына Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау белгіленіп отыр. Қалада сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек, – деді қала әкімі.
Бұдан бөлек, сессияда 2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті бекітіліп, қала мәслихатының бірқатар шешімдеріне өзгеріс енгізілді.
Please follow and like us: