
“Шымкент Сити” аймағынан халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Былтыр қазығы қағылған ғимарат құрылысы заман талабына сай жүргізілуде. Жер көлемі 5,240 га, құрылыс ауданы – 16 166,65 м2. Жұмыс барысын арнайы барып көрген қала әкімі М.Әйтенов құрылыс басқармасы мен жауапты мердігер мекеме өкілдеріне басты назарды сапаға беру керектігін ескертті.
Конгресс-холл болашақта жергілікті және Республикалық маңызы бар қоғамдық іс- шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізуге арналған көпфункционалды орталық болмақ.
Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға лайықталған көрермен залы, 190 орындық конференц залы, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет, асхана және көлікке жер асты тұрағы қарастылырған.