Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КОНФЕССИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

47қаралым
Шымкент орталық мешіті, қалалық «Зекет» қоры өкілдігінің ұйытқы болуымен және қаладағы өзге конфессия өкілдерінің қолдауымен бірлескен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі таңдалып, ондағы азаматтарға қолдау көрсетіп, демеу беру мақсаты көзделді.
Тұңғыш қолға алынған игі шара барысында Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров сөз алып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан сәлем айтып, атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті. Сондай-ақ аталмыш жобаға үлкен қолдау көрсеткен Шымкент қаласы, Дін істер басқармасының басшылығы алғысын жеткізді.
Іс-шара барысында өзге конфессия өкілдері азық-түлікпен көмек берсе, Шымкент орталық мешіті тарапынан 50 кг құрайтын 20 қап ұн және консерв өнімдерін жеткізіп берді.
Өз ризалышығын білдірген аталмыш мекеме басшысы Мұхит Нышамбаев: «Орталықта үйсіз-күйсіз жүрген 179 азамат жатады, оларға бір жыл бойы тиісті қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде өз-өзіне келгенше медициналық, тәлімдік, психологиялық т.б. көмектер жан-жақты көрсетіледі», — деді.
Айта кету керек, алдағы жылы Шымкент қаласы, Дін істер басқармасы тарапынан бірлескен жоспар түзіліп, өзге конфессия өкілдерімен елдің бірлігі мен ынтымағына және көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетілетін жоба іске асады.
Please follow and like us: