Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

93қаралым

Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев мәлімдеді.

– Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылы 12 тамызда №31 қаулысы шығып, №30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізілуі тиіс.

Осы қаулымен қызметі тоқтатылған нысандарды немесе басқа жұмыс уақытысы белгіленген нысандарды қоспағанда барлық қызмет көрсететін нысандардың (химиялық тазалау, кір жуу орындары, кілем тазалайтын объектілер, техниканы, киім, аяқ киім жөндеу шеберханалары, ателье, гүл, өсімдік тыңайтқыштарын, бақша құрал-саймандарын, құрылыс заттарын және құралдарын, радиотауарларын сататын дүкендер, киім және аяқ-киім, дүңгіршектер, металл қабылдайтын орындар, мақта түту цехтары, ұялы байланыс кеңселері, бизнес-орталықтары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектеліп, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылады. Ал автожуу орындарының жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелумен жұмыс істеуіне рұқсат етілді, – деді Ғалымжан Мотайұлы.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2020 жылғы 24 наурыз бен 12 тамыз аралығында COVID-19 инфекциясымен 5131 жағдай тіркелген. Оның 2617-сі симптомды, ал 2514-і симптомсыз. Бүгінде науқастардың 3866-сы сауығып, 1218-і ем алуда. Соңғы мәліметтерді жеткізсек, қалада 12 тамызда инфекцияның 10 жағдайы тіркеліп, өсім 0,2% құрап отыр.

Фото – Береке Сейітжаппар

 

Please follow and like us: