Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНУДЕ

54қаралым
Шымкентте пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге субсидия төленуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Шымкент қаласы бойынша аймақтық филиалының директоры Алмас Тастанов хабарлады. Бұдан бөлек, жауапты басшы қордың 2020 жылғы атқарылған жұмыстарын баяндады.
Алмас Құлмұханұлының айтуынша, 2020 жылы 241 кәсіпкер алған 16,6 млрд. теңге несиенің 11,5 пайызы Қор арқылы 2021 жылдың наурыз айына дейін субсидияланбақ. Кәсіпкер несиенің тек 6 пайызын ғана төлейді. Бұл пандемия кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау, деп атап өтті Алмас Тастанов.
Сонымен бірге 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 30 жоба 29,1 млрд. теңгеге қаржылай қолдау тапты. Оның 58-і кәсібін енді бастаған кәсіпкерлердің жаңа жобалары.
–2010 жылы қабылданған және 2025 жылға ұзартылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында биыл 117 жоба 18,4 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Олардың ішінде шағын және орта кәсіпкерлердің де жобалары бар. Сондай-ақ 126 жобаның банкке қояр кепілмүлкі Қор тарапынан кепілдендірілді,-деді ол.
Please follow and like us: