Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ БОЙЫНША ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ КӨШ БАСТАП ТҰР

74қаралым
Шымкент қаласында тұрғындардың кәріз жүйесімен қамтылуы 49,1% құрап отыр. Бұл көрсеткішке қала орталығындағы 2 196 көпқабатты тұрғын үй мен шағын аудандардағы 37 540 жеке тұрғын үй кіреді.
Бұл жөнінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетовке баяндады.
Шаһарда кәріз жүйесімен қамтылуы бойынша Әл-Фараби ауданы көш бастап тұр. Ауданға аумағы қала орталығында орналасқандықтан 81,5% кәрізге қосылған. Ал, Еңбекші аудынында кәрізбен қамтылу 50% құрап отыр. Абай ауданында 42,5%, Қаратау ауданы халқының 26,3% кәріз жүйесі тартылған.
Басқарма басшысының сөзінше бүгінде қалада кәріз жүйелерімен қамтылуын арттыру мақсатында басқарма тарапынан 17 нысанның құрылыс жұмысы жүргізілуде. Жалпы жобаның құны – 16,5 млрд теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген.
Please follow and like us: