Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТУДА

77қаралым
Шымкент қаласында осы жылдың қаңтар — ақпан айларында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 25,8 млрд. теңгені құрады.  2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге ұлғайған (2020 жылғы қаңтар-ақпан – 11,5 млрд. теңге). Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ordainfo.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жыл соңына дейін 334 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр, бұл 2020 жылға қарағанда 20% — ға артық.
Қала аумағында 2021-2025 жылдары жалпы 2,4 трлн теңгені құрайтын 184 инвестициялық жоба іске асырылмақ.
Осы жылы 153,2 млрд теңгелік 44 инвестициялық жоба қолға алынды. Нәтижесінде 2,4 мың жұмысшы орын құрылады. Оның ішінде қаланың кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 1 389 жұмыс орнын құрумен 56,1 млрд. теңге сомасына 21 жоба.
Сондай-ақ, 2021-2025 жылдары іске асырылатын 941 млрд. теңге сомасына ТОП-10 инвестициялық жобалар қалыптастырылды.
Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында ауқымды шаралар жүргізілуде.
Инвесторға барлық қажетті қызметтерді ұсыну үшін қалада «бизнеске арналған үкімет — Shymkent Invest» фронт – кеңсесі жұмыс істейді. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіп жатыр.
Please follow and like us: