43
🔷 Бүгін Шымкент қаласында футболдан Қазақстан чемпионатының 12-ші туры аясында Ордабасы мен Атырау командалары арасында тартысты матч өтуде. Ойынның ашылу салтанаты сәтінде 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге орталық стадионға жиналған 23 мыңнан аса жанкүйер бір мезетте еліміздің әнұранын шырқады.
🔷 Көк туымыз қалықтаған аспан астында шабыт алған футбол шеберлерінің бұл ойыны тартысқа толы болды. Матч Ордабасылықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен бітті. Ойын барысы жанкүйерлерге тамаша әсер қалдырды. Бұл ойынды көруге келген жанкүйерлердің көңіл-күйінен айқын байқалды.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: