Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ШЫМКЕНТ ЕМХАНАЛАРЫНА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

133қаралым

Жаңа жобаның мақсаты — науқастарға сапалы және жедел көмек көрсету, озық инновациялық технологияларды пайдалану, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Жоба аясында әр отбасыдағы әлеуметтік проблемалар назарға алынып, дұрыс тамақтанбау, әлеуметтік жағдай, ішімдікке салыну, отбасындағы психикалық жағдайларға қатысты туындаған проблемаларды шешу арқылы пациентке қолдау көрсетіледі. Бүгін «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының өкілдері денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбековпен бірге жергілікті емханаларды аралап, тәжірибелер орталығы моделін бастапқы медициналық-санитариялық емдеу мекемелеріне енгізу барысын талқылады.

Жоспар бойынша, биыл үздік тәжірибе орталығы жобасы №1, №3, №6, №7 қалалық емханаларында енгізілетін болады. Емханалардың бас дәрігерлері арнайы оқудан өтіп, кәсіби біліктілігін шыңдайды. Алдағы уақытта жаңа жобаны өзге де мемлекеттік және жекеменшік емдеу орталықтарына да енгізу жоспарлануда.

Please follow and like us: