Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғам

ШЫМКЕНТ: ДӘРІХАНАЛАРҒА КҮНДЕЛІКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

65қаралым

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.07.2020 жылғы №24 қаулысына сәйкес, департамент аудандық басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрды.

Қаладағы барлығы 48 дәріхана бойынша (Шымкент қаласындағы бөлшек сауда желілері «Зерде Фарма» ЖШС, «Еврофарма» ЖШС, «Фармлайн» ЖШС, «Медэль» ЖШС, «Фармаком» ЖШС және т.б.) 45 дәрілік заттар атауы бойынша мониторинг жүргізілді.

Мониторинг нәтижесінде, қала тұрғындарын өткізу үшін дәріханалардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілу жағдайы, қосымша жоспарланған жеткізу күндері бойынша, сондай-ақ рецептсіз дәрілік заттарды бір қолға босату және рецепт бойынша рецептуралық препараттарды босату шектеулерін сақтау бойынша жағдайлар анықталды.

Мониторингтік топтар ҚР ДСМ 15.07.2019 ж. № КР ДСМ-104 бұйрығымен бекітілген дәріханаларда шекті бөлшек сауда бағаларын арттырғаны үшін ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.

Қала дәріханаларында «Парацетамол», «Цефазолин», «Цеф 3», «Ацикловир», «Аскорбин қышқылы» сияқты дәрілік заттардың тапшылығы байқалады. Дегенмен осы препараттардың басқа да сауда атауларымен аналогтары бар. Осыған байланысты, дәріханаларда дәрі-дәрмек жоқ болған жағдайда, халыққа дәрілік заттардың аналогтарын басқа сауда атауларымен сатып алуларына болады. Бұл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар берілді.

 

Please follow and like us: