60
Шымкент қалалық Білім басқармасының және Ақпараттық технологиялар орталығының жүйелі жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласы “kundelik.kz” электрондық журналын жүргізу бойынша елімізде көш бастап тұр.
Шаһар ұстаздары электронды журналды жетік меңгерген. Соның нәтижесінде 2020-2021 оқу жылында 2 рет, 2021-2022 оқу жылында 2 рет, енді міне, биылғы оқу жылының І жартыжылдығы бойынша да топ бастады.
“Белсенділік бақылауы” базасының деректеріне сәйкес үшінші мегаполис осымен бесінші рет “Алтын белгі” иеленіп отыр.
Айтып өтейік, электронды жүйеде педагогтер журналды жүргізіп, оқушы күнделіктері мен жүйедегі бейнесабақтарды көре алады. Ал ата-аналар өз балаларының бағаларын, сабақ кестесі мен пәндерге қатысуын бақылай алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: