63
Бүгін қалалық ардагерлер кеңесінде белсенді әжелер «Анаға тағзым» медалімен марапатталды. Төсбелгіні белгілі меценат, Халықаралық «Жеті жарғы» және Қожаберген жырау қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Бекет Тұрғараев табыстады.
– Бұл марапат — Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, тылда қажырлы еңбек етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен аналарымыздың еңбегі мен ерліктерін бағалау болып табылады. Сұрапыл жылдары олар басына түскен ауыртпалықты елемей, аянбай тер төкті. Бүгінгі және келер ұрпақтың есінде болсын деп, аналарға құрмет көрсетіп отырмыз, — деген ол белсенді әжелерге алғысын білдірді.
Айта кетейік, мерейтойлық медаль Мәскеуде жасалған. Авторы Суретшілер одағының мүшесі, Халық суретшісі, академик Александр Николаевич. Төсбелгіде орылған астықтың ортасында ана мен баланың бейнесі бейнеленген.
Медальмен марапатталушылар қатарында еңбек ардагері Нәсира Қабылбекова, «Ерлік «мұражайының директоры Ақмарал Асанқызы, «Достық» әжелер тобының мүшелері Түймеқыз Жанатаева, Анар Арғынбаева, «Ақтілек» тобынан Аманкүл Аманова, Жанат Өтебаева, Әмишә Елешова, Мейрамкүл Тойлыбаева бар.
(с) Құттыбике Нұрғабыл
Фото: Серик Косаев
Please follow and like us: