Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖАСТАРДЫҢ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН САН САУАЛҒА ЖАУАП БЕРДІ

64қаралым

Бүгін Шымкент қалалық Ішкі саясат жəне жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева «Silkway» университетінде «Жастардың айтары бар» жобасына қатысты. «Жастар мен тарих тағылымы» тақырыбында əңгіме өрбіген тікелей эфирде Жанар Əлібекқызы жастардың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді.

Басқарма басшысы тікелей эфир барысында жақында басқармаға қосылған Жастар ресурстық орталығы жайлы қойылған сауалға жауап беріп, аз ғана уақыт ішінде атқарылған жұмыстар мен негізгі мақсатына тоқталды. Одан бөлек, еріктілер жайында əңгіме өрбіді. Екеуара пікірде жастардың ең актуалды мəселелері қозғалып, тəрбиелік мəні бар келелі сөздер айтылды.

Ашық əңгіме үстінде Жанар Əлібекқызы бүгінгі кей жастардың қоғамдағы келеңсіз тұстарына тоқталып, бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде сөз қозғады.

Жастар тақырыбында тереңнен ой қозғалған тікелей эфир соңында басқарма басшысы мұндай пікір алаңына келуге əрдайым дайын екенін жеткізді.

Please follow and like us: