82
Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында азық — түлік жәрмеңкесі өтуде, деп жазады «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған ordainfo.kz ақпараттық агенттігі.
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған азық — түлік жәрмеңкесі басталды. Бұл сауда — саттық іс-шарасына шаһардағы 40-тан аса компания мен ауылшараушылық өндірушілер, жеке кәсіпкерлер қатысып жатыр.
«Көрме» орталығы директорының орынбасары Ғибадат Нәжімеденнің айтуынша, мереке қарсаңында, атап айтсақ наурыздың 4-7 аралығында қала тұрғындары үшін азық — түлікпен жеміс — жидектер, сүт және ет өнімдері, сондай-ақ, тұрмысқа қажетті тауарлар базар нарығынан арзан бағада саудаланады. Одан басқа да киім-кешек пен кілемнің сан алуан түрі келушілерге ұсынылған.
Арзан азық — түлікпен қамдануға келген қала тұрғындары, сонымен қоса жергілікті өндірушілерге де қолдау көрсетуде.
Қалалық тұтынушыларға өз талғамдарына қарай жергілікті өнімді тиімді бағамен сатып алуға кең мүмкіндік туды, дейді ұйымдастырушылар. Жәрмеңке таңғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін төрт күн бойы жалғасады.
Please follow and like us: