54
Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Жиында бірқатар өзекті мәселер қаралып өз шешімін тапты, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталыққа сілтеме жасаған ordainfo.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, ең алдымен жиын қатысушылары «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша әзірленген Жол картасының ауданда жүзеге асыру жұмыстарын пысықтап, аудандық филиалдан сайланған мәслихат депутаттырының азаматтарды қоғамдық қабылдау кестесімен қатар, аудан бойынша депутаттарға бөлінген аймақтарды бекітті.
Сондай-ақ, отырыста қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға тегін заңгерлік көмек ұйымдастыру мақсатында «Adilet Group» адвокаттар кеңсесімен меморандумға қол қойылды.
Алдағы уақытта партияның аудандық филиалы бекітілген бағыттар бойынша жұмыс атқарып, өңірдің дамуы мен гүлденуіне, азаматтарға қолайлы жағдай жасалуына, олардың мәселелеріңің оң шешілуіне бар күшін салатын болады.
Please follow and like us: