60
Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша іс-шаралар жоспарлы жүргізілуде. Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов және аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының қызметкерлері арнайы құрылған мобильдік топпен бірге «Самал» және «Алаш» базарларына карантин талаптарын сақтауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Базарларды аралау барысында аудан әкімі карантиндік шектеулер жеңілдетілгенімен, келушілердің бетперде тағуы, кіре берістерде антисептиктердің және дене қызуын өлшейтін аппараттардың болуы керек екенін міндеттеді.
Бақылау іс-шаралары карантиндік шектеулер аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізіледі.
Please follow and like us: