121
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының биылғы жоспарларымен танысты.
«Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында биыл қалада геопортал жүйесі іске қосылады. Ашықтықты қамтамасыз ететін бұл жүйе арқылы жер қатынастары, қала құрылысы саласында 16 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі. “Бір терезе” принципі арқылы жұмыс істейтін ақпараттық жүйе қағазбастылықты азайтып, сыбайлас жемқорлықты алдын алады.
Атқарылған жұмыстармен, алдағы жоспарлармен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы сала басшысына құзырлы мекемелермен бірлесе отырып, қала аумағында мемлекет иелігіндегі жерді өзбетінше иеленуге жол бермеу мақсатында нақты тамсырмалар жүктеді. Жалпы, былтырғы жылы қалада 391 жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылған.
Қала басшысы жауаптыларға мегаполис аумағындағы пайдаланылмайтын жерлерге қатысты мониторинг жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ биыл қаланың 2035 жылға дейінгі даму жоспары жобасының негізгі ережелерін енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді жүктеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлерге жер учаскелерін жедел әрі ашық бөлудің тиімді тәсілдерін ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар да қала әкімінің тікелей назарында.
Please follow and like us: