78
Әуе кемелерінде пайда болатын төтенше жағдайлар көптеген адам өліміне әкеледі. Осыған байланысты шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Шымкент әуежайы» АҚ әуежайының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізудің мақсаты — әуе кемесінің авариялық қонуы кезінде құтқару қызметтерін даярлау, шартты өртті сөндіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және эвакуациялау, әуе кемесіндегі өртті сөндіру ерекшелігі мен тактикасын пысықтау, сондай-ақ құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын одан әрі арттыру.
Оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес шартты өрт Алматы-Шымкент бағыты бойынша «SKAT» авиакомпаниясының АН-24 ұшағында жасады.
Оқу-жаттығу барысында әуежай қызметтері мен өзара іс-қимыл жасайтын қызметтерді хабардар ету, авариялық жағдай орнына келу және ілесіп жүру мәселелері пысықталды. Оған 10 техника, Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-ның, жедел-құтқару жасағының офицерлік және жеке құрамы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
Please follow and like us: