Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ТҮСКЕН 472 МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПҚАН

54қаралым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, ауылшаруашылық саласы, денсаулық, баспана, ғылым мен білім секілді бірқатар бастамаға тоқталып өтті. Осыған орай Жолдауды халық арасында насихаттау және аудан аумағында атқарылған жұмыстар жөнінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың қатысуымен тікелей эфирде сұхбат өтті.

– Естеріңізде болса, Президент баса айтқан бір мәселе – «Естуші Мемлекет». Осыған байланысты елімізде төтенше жағдай басталғаннан бері аудан аппараты дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тұрғындарды тікелей эфирде қабылдауды әдетке айналдырды. Бүгінде арнайы статистикалық мәліметтерге сай ауданға тікелей эфир арқылы 786 сұрақ түсті. Оның 472-сі толығымен орындалып, 236-сына түсіндіру беріліп, ал 78-і құзырлы мекемелерге жолданды. Бұл ретте екінші мәселе – аулаларды абаттандыру. Жалпы, осы жылы аудан аумағындағы 185 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілді. Ал инфрақұрылым тарту бағытында қала әкімінің шалғай аудандарды дамытуға арналған арнайы концепциясы қабылданды. Осы бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді Ғабит Патшаханұлы.

Спикердің айтуынша, ауданда 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады. Сонымен қатар, 15 ұлттық-мәдени орталық, 14 діни бірлестік, 73 өндірістік кәсіпорын, 44 мемлекеттік мекеме, 672 көп қабатты тұрғын үй және 15 170 жеке үй орналасқан. Яғни, ауданның қала орталығында орналасуы әкімдікке айтарлықтай жауапкершілік жүктейді.

 

Please follow and like us: