Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КӨКӨНІС КӨШЕТІН ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

56қаралым
Шымкент қаласының әкімі Қаратау ауданын аралау барысында Испания технологиясы бойынша салынған 5000 тоннаға арналған көкөніс қоймасы мен көкөніс көшеттерін өсіруге арналған 2 га жылыжайда болды.
Бұл нысандар «Ақ ордасы» корпорациясы» ЖШС еншілес. Корпорация бүгінге дейін тұрғын үй, жылжымайтын мүлік объектілері, инфрақұрылым объектілерін салу, сондай-ақ, аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыру қызметін көрсетіп келген.
Құрылымына құрылыс және ауыл шаруашылығы секторын жүзеге асыратын 13 еншілес компания кіреді. Қазіргі уақытта бұл корпорацияда 2500 астам адам жұмыс істейді. Олардың 1000-нан астамы штаттық қызметкерлер.
Бүгінде корпорация құрылыс мен жылыжай саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін оңтүстік өңіріндегі ең ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады.
Please follow and like us: