Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 352 КӨШЕГЕ ЖАҢА АТАУ БЕРІЛЕДІ

151қаралым

Шымкентте көшелерге атау беру бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиясының ұйымдастыруымен көпшілік тыңдауы өтті. Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, мәслихат депутаты Ермек Дәрменов және қала тұрғындары қатысты. Кезекті отырыста

қалада атауы жоқ 1 шағынаудан және 352 көшеге жаңа атау беру мәселесі талқыланды.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Эльдар Темірханұлының айтуынша, шаһарда 657 көшенің атауы жоқ. Оның 305-іне Республикалық ономастика комиссиясы оң қорытындысын берген.
Ал Абай және Қаратау аудандарына тиесілі атауы жоқ 352 көше мен «Арғымақ» деп аталып кеткен шағынауданға тұңғыш Президенттіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы тапсырмасы бойынша, ономастикалық атауларға адам есімдерін беру шектеліп, Мәдениет және спорт министірінің әзірлеген жер, су, тау және дәстүрлі атаулардың тізіміне сәйкес берілетін болады.
Қала тұрғындары жаңа атауларды бірауыздан қолдап, келісімін берді. Мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев бұл мәселені алдағы өтетін сессияның күн тәртібіне енгізіп, сессия отырысында бекітілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, бұл мәселе бұдан бұрын Шымкент қаласы мәслихатының Депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында талқыланып, комиссия мүшелері аталған атауларды мұқият (5 көшенің атауын) қайта қарап, оларды өзгерту туралы пікір білдірген болатын.

Please follow and like us: