Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтесті

ШЫМКЕНТ: 17 566 АЗАМАТТЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРІ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН ТӨЛЕНДІ

64қаралым

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сай, елімізде 7 санаттағы азаматтарға төтенше жағдай кезінде коммуналдық төлемдері төленді.
Бұл жөнінде Шымкент қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру ережесіне сәйкес басқарма тарапынан 21 сәуір мен 25 маусым аралығында www.communal-komek.kz ақпараттық жүйесі арқылы 34 171 өтініш келіп түскен.

Өтініштер сараланып 15 000 теңгеден сәуір және мамыр айларының төлемақысы төленді.

Оның ішінде:
-1,2,3 топтағы мүгедектерге 10858;

-ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар – 800;

-Мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар – 1680;

-Көпбалалы отбасылар – 12080;

-Ең төменгі және аз зейнетақы алатын, жалғыз басты зейнеткерлер – 4842;

-Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, құқық тәртібін қорғау, әскери қызметін орындау кезінде қайтыс болған адамдардың отбасылары – 83;

-АӘК көмек алатын азаматтар – 3828 өтініш түскен.
Өтінімдер базаға енгізілген.

-Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес өтінімдер www.communal-komek.kz сайты арқылы қабылдаған. Сайт жұмысы 25 маусым күні сағат 12:00-де тоқтатылған. Өтінімдер талданып, коммуналдық қызметтер мекемесіне жолданған. Өтінімді тексеру барысында есеп-шоттары өз атында емес немесе тіркелмеген. Тіпті бірнеше рет өтініш берген жағдайлар да анықталған.
Ағымдағы жылдың мамыр айында 8333 азаматқа 250,0 млн.теңге. Ал маусым айында 9233 азаматқа 277 млн. теңге. Жалпы 17566 азаматтың 527,0 млн.теңге қаржысы коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне аударылған.

-Коммуналды қызмет беруші мекемелерімен аударылған қаржыларды абоненттердің бет есеп-шоттарына отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мақұлданған 4670 өтінімге 140,1 млн.теңге қаржыны шілде айында аудару жоспарланып отыр. Жалпы мақұлданған өтінімдер саны — 22 236 болып отыр,- деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек қаламызда халыққа кеңес беру үшін Call-орталығы ашылған. Жұмыс уақыты: 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз. Бүгінгі таңға дейін орталық тарапынан 34541 азаматтардың сұрақтарына жауап берілген.

 

Please follow and like us: