Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ 10 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

5.3kқаралым

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әл-Фараби аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Бақдәулет Утембаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы баспасөз брифингін берді.

«2022 жылдың 10 айына бектілген мемлекеттік бюджеттің жоспары 51 929,7 млн.теңгені құраса, нақты түсім 54 716,8 млн.теңгені құрап, жоспар 105,4 %-ға орындалды. Өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда өсу қарқыны 112,6 %-ды құрап, 6 123,3 млн.теңге артық қамтамасыз етілді», – деді Бақдәулет Серікұлы.

Спикердің сөзінше, жалпы ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша бересі сома 4,3 млрд.теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда 1,4 млрд.теңгеге немесе 24%-ға төмендеген. Мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған 10-борышкердің бересі сомасы 2 737 839,3 мың теңге. Төлемге қабілетсіз болуына байланысты, 23-борышкерді, сомасы 1 359 537,5 мың теңгеге сот органдарына банкрот деп тану үшін талап-арыздар жолданып, нәтижесінде сот шешімдерімен борышкерлер банкрот деп танылған. «Оңалту» (Реабилитация) рәсімі 6-борышкерге қатысты қолданылуда, бересі сомасы 388027,3 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, салық Кодексінің 49-бабына сәйкес, бересі сомасы 761 104 мың теңгені құрайтын 19-борышкерлердің төлеу мерзімі кейінге қалдырылған.

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 43 қызметтің 14 қызметін аумақтық,яғни, аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары көрсетеді. 14 қызметтің 13 қызметін электронды түрде алу көзделген. Мемлекеттік қызметтер электронды түрде электронды үкіметтің egov.kz порталы, салық төлеушінің кабинеті арқылы алуға болады.
Сонымен қатар, қызметтерді оңай, жылдам және үйден шықпай кедергісіз алу мақсатында, дара кәсіпкерлікті ашу, дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту қызметтерін екінші деңгейлікті банктердің мобильді қосымшалары және «E–Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде алуға болады.
Жалпы жыл басынаг бері қызметтердің 99,7% электронды түрде көрсетілсе,0,3% қағаз жүзінде жүргізілген.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында баламалы түрде қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер бойынша құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциалық емес АҚ арқылы жүргізілген. Яғни салық төлеуші электронды немесе баламалы түрде қағаз жеткізігіште көрсететін қызметті электронды түрде алуға мүмкіншілігі болмаса, мемлекеттік қызметті қағаз жүзінде алу үшін заңды тұлғалар орналасқан жері бойынша, жеке тұлғалар тұрғылықты мекен жайы бойынша Азаматтарға арналған үкімет коммерциялық емес АҚ, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді.

Please follow and like us: