Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ҚҰЛШЫНЫСЫ ЗОР

81қаралым

Бүгінде Шымкент қалалық тілдер орталығында қала тұрғындарымен қатар шетелдік азаматтар да тіл үйреніп жүр. Қазақша үйренуге ниет білдірген Ресейден, Ауғанстаннан, Украинадан, Татарстаннан, Әзірбайжаннан келген шетелдік азаматтар қазір мемлекеттік тілдің бастапқы деңгейінде сөйлей алады. Орталық мамандары шетелдіктерді қазақшаға баулып қана қоймай, оларға еліміздің тарихы мен тыныс-тіршілігін таныстыру мақсатында көрікті жерлер мен тарихи орындарға саяхат сабақтарын ұйымдастырып отырады. 🔷 Жалпы, орталықта тіл үйренгісі келетін азаматтарға барлық жағдай жасалған. Мұғалімдер түрлі тәжірибелерді қолданып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында аянбай еңбек етуде. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Please follow and like us: