66
Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, Мақтаарал ауданындағы №5 Мақтаарал мектеп-гимназиясы және №6 Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ-ң эвакуациялық орындарында спорттық сайыстар өткізілді. Эвакуациялық орындарда жатқан ересектер мен жасөспірімдер арасында асық ату, ләңгі тебу, қол күресі, кір тасын көтеру, шашка, жерден көтерілу, жүгіру және турник секілді бірқатар спорт түрлерінен жарыстар болды.
Тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, физикалық тұрғыдан белсенділіктерін арттырып, түрлі сыйлық, медаль мен грамоталар және қаржылай марапаттар беріп, демеу болған спортшыларымызға Мақтааралдықтар алғыс айтты.
Please follow and like us: