100
«1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне» орай, Шардара қаласының орталығындағы «Тұңғыш Президент саябағында» күрделі құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, ел игілігіне берілді.
Саябақ аумағындағы барлық аяқжолдарға тас төсеу (брусчатка), қорғандарды ауыстыру, бағдаршам шамдар орнату, субұрқақты іске қосу, балалар алаңшаларын орналастыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көрермендерге арналған жазғы сахна және тағы да басқа заманауи үлгідегі нысандар орнатылды.
Енді аудан тұрғындары күндіз-түні саябақ аумағында демалып, көл жағалауында серуендей алады.
Please follow and like us: