Әлемді жайлаған індет бүгінде елімізде 2376-ның үстінде болса, жазылып шыққандары 602-дей, қайтыс болғандар-25 адам.
Алпауыт АҚШ елінде тәулігіне 2100 адам қайтыс болады екен. Бұл елде індет басталғалы COVID-19-ды жұқтырған 46 611 адам қайтыс болған. Қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 840 476-ға жетті. Жақында тағы 27 639 адамның аталған вирусты жұқтырып алғаны белгілі болды.
Індет басталғалы жұқтырғандардың басым бөлігі дәрігерлер. Дегенмен, қауіптің алдында жүретін дәрігерлер мен журналситердің құқықтарының елеусіз қалып жүргенін айтып, құқықтарының қорғалуын Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова көтерді.
-«Қазіргі күні елде төтенше жағдай кезінде дәрігерлермен қатар журналистер қауымы да ел игілігі үшін маңызды жұмыстарды атқарып жатыр. Карантин болғанымен тіршілік жалғасады, сондықтан да тілшілер үй жағдайында болсын, жұмысқа барып болсын, жаңалықты дер кезінде таратуда. Оның үстіне қазіргі журналистер ақпарат берумен ғана шектелмейді, олар халықтың таным-түсінігіне оң ықпалын тигізеді. Сондықтан БАҚ өкілдері өз міндеттерін кәсіби түрде адал атқарып жатыр дегім келеді»
Сонымен қатар көкейдегі жеткізе алмай жүрген журналистердің құқықтары туралы толығырақ тоқталып өткен Айгүл ханым: «Тілшілер қауымынан құзырлы органдар мен мекеме басшылары олардың сауалдарына уақытылы жауап бермейді деген шағымдар түсіп жатыр. Ал мұндай жағдай олардың кәсіби қызметтеріне кедергі келтіреді. Соның салдарынан қоғамда нақтыланбаған, теріс ақпараттар тарауы да мүмкін. Журналистерге полиция қызметкерлері сияқты карт-бланш берілмейді, бұл да өз кезегінде олардың жұмысы барысында айтарлықтай қиындықтар туғызады. Сондықтан оларға мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетіп кәсіби құқықтары заңмен қорғалуы тиіс», — дейді ол.
Әріптесіміз сенаторлыққа сайланған кезде қуанған едік.. Текке қуанбаппыз, шүкір. Журналистердің де құқықтары қорғалатын кез алыс емес….