Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

5қаралым
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, Кеңестің биылғы жоспарлары талқыға түсті.
Сараптамалық кеңес консультативтік-талдамалық функциялары бар, қоғамдық бастамалар негізінде әрекет ететін кеңесші орган. Кеңес төрағасы Нұржан Әбдезовтің айтуынша, консультативтік-құқықтық бастамашылығы бар Сараптамалық кеңестің негізгі мақсаты — адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, қоғамдық бірлестіктер және халықпен бірлесе жұмыс істеу.
50 пайызы жаңарған Кеңестің құрамына 13 адам бекітілген. Олардың басым бөлігі — ҮЕҰ өкілдері.
ҮЕҰ өкілдері қатысқан Кеңестің алғашқы отырысында Сараптамалық кеңестің биылғы жоспарын таныстыру және жұмыс алгоритмін бекіту, Кеңес қызметінің басым бағыттарын айқындап, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын, олардың сақталуы мен құрметтелуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында талдамалық есеп жүргізу үшін тақырыптарды бекіту мәселесі талқыланды. Жылдық жоспарға сәйкес, өзекті мәселелер бойынша талдамалық-зерттеу жұмыстарын жүргізу күн тәртібінде тұр.
Жиында кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, жұмыс жоспарлары бекітілді.
Please follow and like us: