Баршаңызға мәлім, өткен жылдың соңында Қытайда тіркелген короновирус індеті жер-жаһанды біраз әбігерге салды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы жаңа вирусты пандемия деп жариялап, барлық елдерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Дәл қазіргі жағдайға келсек, елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақтай бастады. Карантиндік шектеулер көп жерлерде шегеріліп, көптеген нысандар қалыпты жұмыстарына орала бастады.
Дегенмен сақтық шараларын ұмытпаған жөн. Себебі, мамандар әлі де қауіптің сейілмегенін ескертеді.
Сондықтан да мүмкіндігінше қоғамдық орындарға баруды шектеп, қажетті санитарлық нормаларды – бетперделік режимді сақтау, қолды сабындап жуу (антисептик қолдану) және әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға тиіспіз. Сондай-ақ, отбасылық жиындар мен қонаққа барудан уақытша бас тартып, үйдегі жасы егде тартқан азаматтардың денсаулығына назар аударғанымыз жөн.