58
Шымкент қаласы Абай аудан аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, қураған ағаштармен қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға «Ақсемсерстройсервис» ЖШС-ның 12 техникасымен 78 қызметкері жұмылдырылған.
Сонымен қатар, қалалық экология департаментінің өкілдері және аудандық экология полициясымен бірлесе рейдтік іс-шара ұйымдастырылды..
Нәтижесінде Бадам өзенінің жағалауына бей-берекет қоқыс тастағандар анықталып, әкімшілік айыппұл салынды.
Осы орайда қала тұрғындарына қала аумағындағы бей-берекет қоқыстарды тастамауға және қала тазалығына ат салысуға шақырамыз.
Please follow and like us: