САЙЛАУШЫЛАРҒА САЙЛАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРУДА ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕР МЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
65
Ертең Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Жалпы Шымкент қаласында тұрғындар 512 сайлау учаскесінде таңдау жасайды. Қаламызда белсенді дауыс беру құқығына ие 639 663 сайлаушы бар.
Шымкентте саяси науқанда халықтың белсенділігін арттырып, сайлау туралы қала халқын жан-жақты ақпараттандыру мақсатында аудандық әкімдіктерде Call-орталықтар жұмыс істейді. Жедел желі арқылы сайлаушылар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін біле алады. Call-орталықтар тұрғындардың сұрақтарына таңғы 09:00-ден 19:00-ге дейін жауап береді.
Сондай-ақ сайлаушыларға сайлауға қатысуға ыңғайлы болу мақсатында мобильді қосымшалар мен сайттарда бірнеше сервистер іске қосылды. Атап айтқанда, «i-shymkent.kz» порталына әр азамат ЖСН-ін енгізіп, өзінің сайлау учаскесін біле алады. Ал «2 GIS» платформасында «сайлау учаскесін іздеу» сервисін пайдаланып, тіркелген учаскесінің мекенжайын жылдам анықтайды. Телеграмда ishym_bot сервисі ақпарат алуда қолжетімді. Сайлау учаскесінің орналасқан жері, өңірлік және аумақтық сайлау комиссияларының шекаралары www.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Айта кетейік, қалада сайлау туралы 500-ден астам телеарна, әлеуметтік желілер, ЛЭД экрандарда, қоғамдық көліктерде қажетті ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді.
Please follow and like us: