Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

РЕТСІЗ САУДА ЖАСАУШЫЛАРҒА ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

82қаралым

Шымкент қаласының аудан аумақтарында ретсіз саудамен күрес жұмыстары одан әрі жалғасуда. Ретсіз сауда – өзекті мәселелердің бірі.

Әл-Фараби ауданы бойынша мобильдік топ «Орталық Қырғы базар» аумағында, Төле би көшесінің бойында ретсіз сауда жасаушы тұлғаларға кезекті мониторинг жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында санитарлық талаптарды сақтамаған тұлғалар анықталды. Оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, хаттама толтырылды.

Аудан әкімдігі мамандарының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Please follow and like us: