Яндекс.Метрика
Қоғам

QAZCOVID-IN ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНАСЫ ШАМАМЕН 2 МЛН. ДОЗА КӨЛЕМІНДЕ ӨНДІРІЛЕДІ

75қаралым
QazCovid-іn отандық вакцинасын бірінші кезеңде шамамен 2 млн. доза көлемінде өндіру жоспарлануда, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.
«Вакцина инактивирленген вирус пен зиянсыз адъювантқа негізделген, бұл технология уақытпен тексерілген және А гепатитіне, менингококк инфекциясына, тұмауға, іш сүзегіне, кене энцефалитіне және т.б. қарсы бұрыннан қолданылып келе жатқан вакциналарды өндіруде қолданылады», — деді М. Шоранов.
QazCovid-in вакцинасын COVID-19-ға қарсы клиникалық зерттеудің I және II фазаларының нәтижелері жақсы әрі қауіпсіздігін байқатты. Бірлі-жарым жағдайларда вакцина енгізілген жерде қызару, аздап күйдіру, шаншу байқалды, бұл ағзаның иммундық жүйесінің енгізілген вакцинаға реакциясы болып табылады. Бұл белгілер зерттеу хаттамасында күтілетін құбылыс ретінде қарастырылған.
Ол SARS-CoV-2 вирусына қарсы вакцинаның жоғары иммуногендік белсенділігі орнатылғанын атап өтті.
Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында QazCovid-in-нің COVID-19-ға қарсы белсенділігін клиникалық зерттеудің III фазасын жүргізуге рұқсат берді.
Анықтама: клиникалық зерттеулер Алматы қаласындағы екі қалалық емхана базасында (№4 емхана және «Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институтының клиникасы»), сондай-ақ Тараз қаласындағы Көпбейінді қалалық аурухана базасында өтуде.
QazCovid-in-ді клиникалық зерттеудің III фазасын жүргізу мерзімі 180 күнді құрайды.
11 қаңтар күні еріктілерді іріктеу аяқталды және 3000 адамға егілді. Қазіргі уақытта зерттеуге қатысушыларға динамикалық бақылау жүргізілуде.
Зерттеудің барлық субъектілеріне салықтарды шегергенде 200 мың теңге мөлшерінде сыйақы және вакцинаны қолдану салдарынан зерттеу субъектісінің денсаулығына зиян келтірілген жағдайда денсаулықты сақтандыру көзделген.
Зерттеулер мен ақпараттың құпиялылығына байланысты қорытынды нәтижелерді әзірлеушілер зерттеу аяқталғаннан кейін ұсынады.
COVID-19 — ға қарсы отандық QAZCOVID-IN ®️ вакцинасының әзірлеушілері ҚР БҒМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» болып табылады.
2020 жылғы 15 желтоқсанда Үкіметтің жеке Қаулысымен уақытша тіркеу қағидалары бекітілді. Бұл тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады, алайда бұған қарамастан, кейбір елдер жаппай вакцинациялауды бастап жатқан кезде, басқалары вакцинаны жеткізу кезегін күтуге тура келеді.
Please follow and like us: